Light Style© by Fisana

Перейти к содержимому


Свернуть блок чата Инженерный чат Открыть чат во всплывающем окне

Юзайте чат))) пишите отклики!!! Оговариваем время встречи в чате тут ну и предлагаем тему. Считаю актуальным тему конференции, созданную пользователем Marationok !!!
Viktor_admin : (19 Январь 2021 - 09:25 ) Всем привет!)))
st2008 : (21 Сентябрь 2018 - 02:35 ) :21:
st2008 : (03 Декабрь 2017 - 08:00 ) :21:
Viktor_admin : (29 Сентябрь 2017 - 04:26 ) :21:
Zhantik : (21 Февраль 2017 - 02:22 ) :rofl:
Zhantik : (21 Февраль 2017 - 02:22 ) progettista :10:
progettista : (31 Январь 2017 - 05:58 ) я тут  :yes3: всем привет!
Zhantik : (24 Январь 2017 - 10:13 ) Dart_W  :victory:
Zhantik : (24 Январь 2017 - 10:12 ) progettista отзовись
Viktor_admin : (12 Январь 2017 - 02:38 ) Существует только регламент в экспертзе. Но там толком ничего не написано! Единственный метод писать письмо в КазГор и просить официальных разъяснений.
Dart_W : (05 Январь 2017 - 10:26 ) Добрый день всем! Прошу помочь советом... Пишу в чате чтоб сразу было видно всем форумчанам.
В процессе работы неоднократно сталкиваюсь с замечаниями по проекту от "принимающей" стороны. Всё бы ничего, но замечания больше похожи на ребусы, типа: "откорректировать общие данные" - что при уточнении оказывается нужно всего то исправить в текстовке 2й этаж на 1й. И т.п.
Существуют ли какие то нормы  предписывающие как надо правильно писать замечания? По которым следует указывать конкретный п.п. и номер СНиПа который нарушается, а не писать в замечаниях: "проект не соответствует нормам РК"?
Dart_W : (04 Январь 2017 - 06:58 ) Я тут!
:h15063:
Zhantik : (09 Декабрь 2016 - 01:06 ) где Dart_W& :h15095:
Zhantik : (09 Декабрь 2016 - 01:03 ) :yahoo:
Zhantik : (09 Декабрь 2016 - 01:02 ) я на форуме урааааа
Zhantik : (09 Декабрь 2016 - 01:02 ) всем привеееет!!!
Viktor_admin : (09 Декабрь 2016 - 12:59 ) Я вернулся!!!))) Скоро всё оживим и улучшим!!!
st2008 : (21 Сентябрь 2016 - 08:42 ) :21:
st2008 : (04 Июль 2016 - 01:20 ) :21:
Viktor_admin : (15 Декабрь 2015 - 03:01 ) с нового года займусь

Фотография

Қожанасырдың хикаялары


  • Авторизуйтесь для ответа в теме
Сообщений в теме: 3

#1 Marationok

Marationok

    инженер 2 кат.

  • Пользователи
  • PipPipPipPip
  • 97 сообщений
  • Пол:Мужчина
  • Город:Сәммитстан

Отправлено 08 Февраль 2012 - 23:51

«Оразаның неше күні өтті?»

Қожанасыр оразаның неше күні өткенін білу үшін әр күні оразаның өткен күніне атап бір ыдысқа тас салып жүреді екен. Күндердің бірінде Қожанасырдың баласы көріп қалып, бір уыс тасты тастап жіберіпті. Оразаның неше күні өткенін білу үшін халық жиналып келіп:

— Қожеке, бүгінге дейін оразаның неше күні өтті? – депті.

Қожанасыр ойланып :

— Азырақ сабыр етіңіздерші, аздан соң жауабын айтайын, - деп үйіне еніп кетеді де, әлгі күніне біреуден тастап жүрген ыдыстағы тасын санай бастайды. Тастың барлық саны 63 болып шығады.

— Барлығын айтсам сенбейсіңдер ғой. Бүгінге дейін оразаның 45 күні болыпты,– деді .

Оған халық:

— Оразаның өзі отыз-ақ күн қалай көбейіп кетті,– депті.

Қожанасыр ашуланып:

— Тағы да түгел айтпадым ғой, шынына келгенде 63 күн болыпты. Тағы қаншасы бары белгісіз,– депті.






Қожанасырдың дәрет алуы
Қожанасыр ағып жатқан өзен жағасына келіп дәрет алып отырса, бір аяғындағы кебісі суға түсіп, ағып кетіпті. Таңданып қарап отырса, кебісінен айрылатын түрі бар, сонда Қожанасыр жұдырығын түйіп, суға қарап:

— Ал дәретіңді, бер кебісімді,– деп ұмтыла беріпті.




Қожанасырдың бір аяғы дәретсіз
Намаз оқу үшін Қожанасыр дәрет алмақ болып, қолына құман алады. Құмандағы суы бір аяғына жетііп, бір аяғына жетпейді. Сөйтіп бір аяғы дәретсіз мешітке кірген Қожанасыр жалғыз аяғымен қаздай қақшиып тұрады. Қожаны көріп мешіттің сопысы:

— Қожеке, мұныңыз қалай, қаздай қақшиып тұрсыз? депті.

Оған Қожанасыыр аспай-саспай:

— Бір аяғым дәреттен өтіп, бірі дәретсіз қалады. Сондықтан дәретсіз аяғым мешіттің жайнамазын былғамасын деп дәретсіз аяғымды көтеріп тұрмын,– деп жауап беріпті.






Қожанасырдың ораза тұтуы
Қожанасыр бұрын ораза тұтпаған екен. Келісімді ораза айы туар алдында әйелі бір күні: «Пайғамбар жасына келіп қалдың, енді оразаға кіріс», – депті. Содан Қожанасыр оразаға кірісіпті. Қандай іске болса да әрі шорқақтау, әрі аңқау Қожекең байқамай оразаның заңын бұза беріпті. Әйтеуір, әйелінің аңдып, бақылауымен үш-төрт күн ораза тұтыпты.

Жаздың ұзақ күнінде аш жүру Қожекеңе оңай соқпай, үш-төрт күн тұтқан оразасы жанына батыпты. Бұл елдің батыс жағында биік тау бар екен, күннің көзі таудан асып, көрінбей кететінін «Күн баттыға» саяды екен. Қожанасыр түс ауа болды, күннің көзі тауға жетіп жоғалатын кезін шыдамсыздана күтеді екен. Шыдамы кеткен Қожекең бір күні «ақыл таптым» деп қара үйін бұзып, есегіне арта бастайды. Әйелі аң-таң болып: «бұның не!» – деп Қожекеңнің бірдеңеге былыққанын көріп безек қағыпты.

Қожанасыр:

– Үндеме, айла таптым, күннің қысқа жеріне барып отырамыз ораза біткенше,– деп таудың нақ терең сайына барып қара үйін тігіпті. Бұл жерде күннің көзі түс ауса болды, таудан асып көрінбей кетеді екен. Ал, Қожекең осыны аңдып тұрады да, күн батты, ауыз ашық,– деп әйелінің қарсылығына қарамай, аузын ашып, оразаны осылай ұстаған екен.







Қожанасырдың құрбан шалуы
Қожанасыр құрбан шалуға жалғыз сиырын соймақшы болып, аяғы байланған малдың үстіне әйелі мен баласын мінгізіп қойып, сиырын асыға-үсіге бауыздап жіберіпті де, өзі сиырдың үстіне отыра кетіпті. Шала бауыздалған сиыр бұлқынып қалғанда, әйелі баласымен бірге ұшып түсіпті. Жығылған орнынан секіріп тұрып «Қылкөпірден о дүниеде алып өткің келмейді ғой, қасақы неме! Боқты алып өтесің!», – деп жүгіріп барып анадай жерде жатқан арқанды ала сала әйелі мен баласын шала-жансар тыпырлап жатқан сиырдың үстіне етпетінен жатқызып қойып, арқанмен таңып тастапты. Ал, өзі жалма-жан мойнына мініп алыпты да, екі мүйізінен бар күшімен ұстап: «Айламды асырдым ғой, енді қылкөпірде қалай туласаң да құлап түспеймін», – деп масаттанған екен.



Мешіттің мұнарасы
Бір жолаушы мешіттің мұнарасын көрсетіп:

– Бұл не? – депті.

Оған Қожанасыр:

– Бір құдыққа ит түсіп кеткен екен, құдықтың суын адалдау үшін суын қотарып тастап, өзін төңкеріп қойыпты,– депті.

#2 Marationok

Marationok

    инженер 2 кат.

  • Пользователи
  • PipPipPipPip
  • 97 сообщений
  • Пол:Мужчина
  • Город:Сәммитстан

Отправлено 08 Февраль 2012 - 23:57

Қожанасыр мен ұры

Қожанасыр бір айлы түнде есегіне мініп, ауылына бара жатыр еді, алдынан кездесе кеткен ұрыларға көзі түсіп, қашып құтылудың амалын таба алмаған соң, есегінің бауырына жата қалады.

– Кімсің, жөніңді айт? – деді ұрылар Қожанасырдың жанына келген соң.

– Есектің қодығымын,– дейді Қожанасыр үрейлене қорқып.

Ұрылар есекке таяу келіп, үңіле қарап тұрады да:

– Бұл есек еркек қой! – дейді.

Сонда Қожанасыр:

– Шешем тойға кетіп, әкеммен бірге еріп келемін,– депті.

#3 Marationok

Marationok

    инженер 2 кат.

  • Пользователи
  • PipPipPipPip
  • 97 сообщений
  • Пол:Мужчина
  • Город:Сәммитстан

Отправлено 09 Февраль 2012 - 17:03

Қожанасырдың кедейді жақтауы

Ертеде бір кедей жол жүріп келе жатып, бір байдың үйіне кіріп келеді. Сол кезде бай үйінде тамақ жеп отыр екен.

Кедей:

– Жол жүріп қарным ашып келеді. Жеп отырған тамағыңыздан ауыз тигізіңіз, байеке! – дейді.

Бай:

– Менің саған арнаулы тамағым жоқ,– деп жеп отырған тамағынан кедейге бермей, асыға-үсіге жеп қойыпты. Жеп отырғанда тамағымның үстіне келіп, жемесең де иісін иіскеп қалдың ғой,– депті.

Сонда кедей Қожанасырға бай мен екеуінің арасындағы оқиғаны айтып беріпті. Қожанасыр да бай мен кедей арасындағы болған әңгімеге тез түсіне қалып байға:

– Байеке, менде көп ақша бар. Саған ақша керек болатын болса, мен саған қалтамдағы ақшамнан керек десеңіз, барлығын қарызға берейін,– депті. Сонда бай:

– Қане көрсетші ақшаңды,– депті.

Қалтасындағы ақшасын суырып алып, байға көрсеткен екен, сонда бай:

– Осы ақшаңды қанша болса да, қарызға бер.Ақшаға өте зәру едім,– деп Қожанасырдың етегінен ұстап жібермей жабысады.

Қожанасыр:

– Ойбай-ау, саған бұл ақшамды бере алмаймын, өзімнің қаражатыма керек, – деп ақшасын тезден қалтасына сала салып тұрып:

– Ақшамның өзін алмасаң да, түсін көріп қалдың ғой,– деп Қожанасыр кедейді жақтаған екен.

#4 Marationok

Marationok

    инженер 2 кат.

  • Пользователи
  • PipPipPipPip
  • 97 сообщений
  • Пол:Мужчина
  • Город:Сәммитстан

Отправлено 10 Февраль 2012 - 20:49

Қожанасыр мен шаштараз

Қожанасыр шаштаразға шаш-сақалын алдыруға барады. Шаштараздың ұстарасы өтпей, бас терісінің құйқаларын қырқып, кесіп алған жеріне ақ мақтаны жалбыратып, жабыстырып қоя беріпті. Қожанасыр насыбай шақшасыныың айнасына қарап тұрып шаштаразға:

– Сізге рахмет, басымның тең жартысына мақта егіпсің, енді қалғанына туғандарым тары егіп жесін,– деп орнынан тұрып кетіпті.




Количество пользователей, читающих эту тему: 0

0 пользователей, 0 гостей, 0 скрытых пользователей